Бұл мәліметтерге қарағанда, апат салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.
«Осы оқиға бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта апат орнында Ұшу қауіпсіздігі және мемлекеттік авиация бас басқармасының, Қорғаныс министрлігінің, прокуратураның, ІІМ әскери-тергеу басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тікұшақтың апатқа ұшырау себептері комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады», - дейді баспасөз қызметі.
11:41, 22 Тамыз 2012
ШҰҒЫЛ: Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырауынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, 2012 жылғы 22 тамызда таңғы сағат 8-дер шамасында Астана әуежайының маңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.