ШҰҒЫЛ: Қостанай облысында 18 жасар жігіт баланы атып кетті

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер абайсызда кішкентай балаға оқ атқан аудан орталығының 18 жасар тұрғынын ұстады, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Ол өзі тұратын Буревестник кентінде аңшылық мылтығын бөлшектеп, абайсызда өзімен бірге тұратын әйелдің 4 жасар қызын атқан. Бүлдіршін алған жарақаттарынан ажал құшты.

 Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Одан 16-шы калибрлі тіркелмеген аңшылық мылтығы алынды. Іс бойынша қажетті сот сараптамасы тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.