ШҰҒЫЛ: ҚР ТЖМ республиканың бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы, ауа температурасының төмендеуі туралы ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ алдағы тәуліктерде республиканың бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, бұршақ жаууы, ауа температурасының төмендеуі туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ескерту жасады.

1-2 шілде күндері Ақмола облысында, 2 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында, 2-3 шілдеде Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін, кей жерлерде ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетуі күтілуде. Ауаның температурасы түнде 8-13, кей жерлерде 5 градус жылылыққа дейін төмендеп, күндіз 17-22, кей жерлерде 12 градусқа жылылыққа дейін жетеді.

1-3 шілдеде Қостанай, Қарағанды облыстарында, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін, кей жерлерде ұйтқуы 25 м/-с-қа дейін жетуі күтіледі. Ауаның температурасы түнде 8-13, күндіз 5 градус жылылыққа дейін төмендеп, күндіз 18-23, кей жерлерде 15 градус жылы болады.