Дегенмен, көз жұмғандардың тізіміне Қазақстанда туған бір әйел тіркелген. Қазіргі уақытта егжейлі-тегжейлі мәліметтер РФ-ның құзырлы қызметтері арқылы нақтылануда.
Бұған дейін хабарланғандай, 7 шілдеге қараған түні орын алған табиғи апаттың салдарынан Краснодар өлкесінің 3 ауданы - Крым, Геленджик және Новороссийск су астында қалды. 3 муниципалды елді мекеннің аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бәрінен көп Крым мен оның шет аймақтары зардап шекті, ол жерде қаза болғандардың саны 149 адамды құрады. Сонымен қатар Қара Теңіз жағалауының курорттық қалалары Геленджик пен Новороссийск зардап шекті.
Сәрсенбі күні Ресейдің ТЖ жөніндегі министрі Владимир Пучков мәлім еткендей, Кубаньда құрбан болғандардың саны 171 адамға жетті. Ол сондай-ақ өзге қызметтердің қаза болған адамдардың санына қатысты таратып отырған ақпараттарын орынсыз деп атады.
Өңірік және федералды биліктер қаза болғандардың отбасыларына өтемақы төлеуді бастады, олардың арасында мүліктерін жоғалтқандар да бар. Елдің көптеген аудандарынан еріктілер келуде, қалаларда Кубань тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету бойынша қаражат жинау нүктелері ұйымдастырылды.