деп хабарлайды РБК.
Бұған дейін РФ ІІМ 103 адамның , ал Тергеу комитеті 104 адамның қаза тапқандығын хабарлаған болатын. Тек Қырымның өзінде ғана апат салдарынан 90-нан астам адам, Геленджикте - 9, Новороссийскіде 3 адам мерт болған.
Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккен аудандарға қосымша шамамен 1 мың полиция қызметкерлері жіберілді. Олар тұрғындар мүлкінің талан-таражға салынуына жол бермеу үшін қызмет етпек.
Қазіргі уақытта, әсіресе Қырым ауданында ахуал өте мүшкіл, бұл аймақта су деңгейі 7 метрге дейін көтерілген болатын. Су тасқыны бір қабатты үйлерден тұратын ауылды толығымен шайып кеткен. Айта кетерлігі, қаза тапқандардың нақты санын анықтау әзірше мүмкін болмай тұр.