Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ош қаласында «Қырғызстан» авиакомпаниясының ұшағы жерге қонар кезде апатқа ұшыраған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшықта 73 адам болған.
Ұшақ жерге қонарда жолдан шығып кетіп, жантая құлаған. Соның салдарынан өрт шыққан.Ту-134 ұшағы Бішкек-Ош бағыты бойынша рейс жасаған.
Апаттың салдарынан 2 адам жапа шеккен, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қаза тапқандар жоқ. Құтқарушалар жұмысты жедел атқару барысында өртті сөндіріп, адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірген.
Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, апат ауа райының қолайсыздығынан болған көрінеді.