Белгілі болғандай, аймақ тұрғыны Ілияс Ақылбек ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Телікөл қөліне балық аулауға кетіп, одан қайтып оралмаған. Ал оның жоғалғандығы туралы ақпарат департаментке тек 13 ақпанда хабар түскен.
Осы оқиғаға байланысты құтқарушылар жоғалған азаматтың отбасы мүшелерімен бірге олар балық аулауға барған көлден бастап Қызылорда-Жезқазған бағытындағы тас жолдың 84 шақырымында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Әзірге ол жұмыс нәтиже бермей отыр.