Оның атап өтуінше, 30-шы жазғы Лондон Олимпиадасына жүлделі орындардан көрінген спортшыларға қаржылай сыйақы беріледі. Мәселен, бірінші орынға - 250 мың, екінші орынға - 150 мың, үшінші орынға - 75 мың, төртінші орынға - 30 мың, бесінші орынға - 10 мың, алтыншы орынға 5 мың АҚШ доллары беріледі.
«Үміт артып отырғанымыз - ауыр атлетика. Сонымен қатар өздеріңіз білетіндей күрес түрлері. Атап айтқанда, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо жақсы дамыған. Боксқа да зор сенім артамыз»,-деді Т. Ермегияев.