ШҰҒЫЛ: Мәскеуде қазақстандық студент жатақхананың терезесінен құлап, мерт болды

МӘСКЕУ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Жексенбі, 20 желтоқсан күні кешқұрым Мәскеу қаласында қазақстандық студент И. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті жатақханасының терезесінен құлап, мерт болды.

Студенттер арасынан дереккөз хабарлағандай, қаза болған университет магистратурасының 2-ші курс студенті. Оқиға түнге жақын кезде орын алды, марқұм жатақхананың 10-шы қабатында орналасқан өз бөлмесінің терезесінен құлап кеткен.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, студент өз-өзіне қол салған. Оқиға орнынан өлімалды хат табылмады.