Министр бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» 18 мамырдағы тапсырма негізінде Ішкі аудит департаменті 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңде тиімділік аудитін жүргізген.
«Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша орталықта жалпы сомасы 1 754 637,9 мың теңгеге бұзушылық анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 3 071,7 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататын сома - 3 004,6 мың теңге, өтелуі тиіс – 67,1 мың теңге;
рәсімдік сипаттағы бұзушылық – 1 737 961,8 мың теңге;
мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып өткізілген мемлекеттік сатып алу сомасы - 700,0 мың теңге;
бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 12 904,4 мың теңге, бұл -
Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кәсіпорынның қызметін регламенттейтін өзге де құжаттардың талаптарын бұзу», делінген.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, орталыққа кемшіліктерді жою және ұсынымдарды қарау туралы шешіммен бірге ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жіберілген.