ШҰҒЫЛ: Мемлекеттік айыптаушы Владислав Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
15:28, 07 Желтоқсан 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік айыптаушы Александр Кирияк жарыссөз барысында Владислав Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Талдықорған қалалық сотының залында «Арқанкерген» уақытша қосынында 14 шекарашы мен «Тастау» аң шаруашылығындағы бір қорықшыны өлтірді деп айыпталып отырған Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот қарауының аясында жарыссөздер басталды.