ШҰҒЫЛ: Мұхтар Әблязов «Алға» Қазақстан демократиялық таңдау партиясының қызметін қаржыландырған - сарапшы

АҚТАУ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Мұхтар Әблязов 70 пайызға «Алға» Қазақстан демократиялық таңдау партиясының қызметін қаржыландырған.

Бұл туралы бүгін Козлов, Аминов және Сапарғали істері бойынша өткен сотта Астана қаласы бойынша орталық сот сараптамасы институты арнайы зертханасының бас сарапшысы, саясаттанушы Роза Ақбарова хабарлады.  

Сот мәжілісінің барысында Р. Ақбарова 2002 жылдан бастап М. Әблязов «Алға» партиясының қызметін 70 пайызға қаржыландырғаны жөнінде  Ұлыбританияда сотта Владимир Козловтың арызын ұсынды.

«Шындығына келгенде, ашып айтар болсақ оның қолдауынсыз біздің күніміз «бұлыңғыр» болар еді», - делінген Козловтың мәлімдемесінде.