ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұрат Әбенов мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, орта білім, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты мәселелерін басқаратын болады.
Махметқали Нұрғалиұлы Сарыбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.