ШҰҒЫЛ: Мұрат Оспанов Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мұрат Оспанов ҚР Табиғи монополияларды реттеу агентігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ведомство басшысын бүгін активке ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.

М.Оспанов бұған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Алдабергенов желтоқсанда  Еуразиялық экономикалық комиссия министрі - алқа мүшесі болып тағайындалған болатын. Ол жұмысына ағымдағы жылғы 1 ақпанда кіріседі.