Іс-шара алдында Елбасы дәрісті тікелей эфирде тарататын жаңа «Білім» телеарнасын іске қосады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Дәрістен кейін Мемлекет басшысы тыңдаушылардың сұрақтарына интерактивті тәртіпте жауап береді. Республиканың түрлі аймақтарынан білім және ғылым саласының 13 нысаны қосылатын болады.
Елбасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін жалпыұлттық жаңғырту стратегиялары мен басымдықтарынан мәлімет беретін көрмемен танысады.