ШҰҒЫЛ: Оңтүстік Қазақстан облысында 3,8 балдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 06.15-те Шымкент қаласынан батысқа қарай 135 шақырым жерде 3,8 балдық қуатпен жер сілкінісі болды,

деп хабарлады ҚР Ядролық Орталықтың Геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық Арнайы сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығы.

 Зілзаланың ошағы 6 шақырым тереңдікте тіркелді.