ОРАЛ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні кешқұрым Оралдағы №3 қалалық моншаның жуынатын бөлімінде төбенің бір бөлігі опырылып құлады, салдарынан үш адам жарақаттар алды.
Бетон плитадан жарақат алған ер адамдар ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі - ауыр халде. Оған ота жасалды.
Төтенше оқиғаның куәсі болғандардың айтуынша, моншаға келушілердің дені төбенің опырылып түсу қаупін алдын ала байқап, қашып үлгерген.
Аталмыш монша қаладағы негізгі моншаның бірі болып табылады. Ғимарат 1973 жылы салынған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).