Айта кетерлігі, депутаттық өкілеттікті тоқтату туралы А. Рысқалидың өзі өтініш жасаған. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы аталған мәселені Мәжілістің күнтәртібіне шығарған болатын. Соған байланысты Мәжіліс ОСК ұсынымын қанағаттандырып, депутат А. Рысқалидың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы арнайы қаулы қабылдады.
10:04, 19 Қыркүйек 2012
ШҰҒЫЛ: Парламент Мәжілісі депутат А. Рысқалидың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманжан Сәулебайұлы Рысқалидың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.