ШҰҒЫЛ: Путин Украина аумағында қарулы күштерді қолдануға келісім алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Федерация Кеңесі Ресей президентіне Украина аумағында жағдай тұрақтанғанға дейін РФ Қарулы күштерінің қолданылуына келісім берді. Мұндай шешім Ресей Парламенті жоғарғы палатасымен қабылданды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Дауыс беру ашық режимде өтті. Шешім бір ауыздан қабылданды.

"Президентке Украинада қарулы күштерді қолдануға келісім берілсін. Қаулы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді ", - делінген қабылданған қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызда Ресей президенті В. Путин Федерация Кеңесіне Украина аумағында қоғамдық-саяси жағдай тұрақтанғанға дейін РФ Қарулы күштерінің қолданылу мүмкіндігі туралы үндеу енгізген болатын.