ШҰҒЫЛ: Ресей Бас прокуратурасы ҚР қадағалау органының Мешімбаеваны экстрадициялау жөніндегі сауалын қанағаттандырды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Анар Мешімбаеваны өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салғаны және қызметтік өкілдігін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі, 176-бабының «б, г» тармақтары, 3-бөлімінің 307-бабы) қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін беру жөніндегі сауалын қанағаттандырды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

А.Мешімбаеваны Қазақстанның құқық қорғау органдарына іс жүзінде беру бұл шешім заңдық күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады.