ШҰҒЫЛ: Риддер-Өскемен тас жолында тіркемесі бар «МАЗ» көлігі аударылды - жүргізуші мерт болды

None
ӨСКЕМЕН. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Риддер-Өскемен тас жолында «МАЗ» маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі қаза тапты.

Тіркемесі бар көліктің тежегіші істемей қалған, көлік көпірдің бетонды бөлігіне соғылып, аударылып кеткен.

 Жол-көлік апатының салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды.