ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ» маркалы көліктің 4 жолаушысы - 35 және 67 жастағы әйелдер мен жастары анықталмаған екі әйел оқиға орнында көз жұмды. «ВАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі мен «Тойотаның» 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
08:21, 21 Мамыр 2012
ШҰҒЫЛ: Сәтбаев қаласы маңында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты, тағы 4-уі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 20 мамыр сағат 17.50-де Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Сәтбаев қаласынан 15 шақырым жердегі «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 39 шақырымында «Тойота» маркалы көлікпен «ВАЗ» соқтығысты.