ШҰҒЫЛ: Шахтер» Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей офф кезеңіне шықты

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Футболдан қарағандылық «Шахтер» командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей офф кезеңіне шықты.

Тирана төрінде өткен кездесу «Шахтер» үшін сәтсіз басталған. Бірақ дер кезінде Кумыков шәкірттері ес жиып үлгерді, деп хабарлайды alaman.kz .

Бірінші таймда «Скендербеу» бірден үш гол салды. Алдымен, Томич есеп ашқан. Кейін төреші біздің қақпаға екі пенальти белгілеп, Шкемби екі мүмкіндікті де жіберген жоқ - 0:3.

Кейін Сергей Хижниченко есепті қысқартты. Ал екінші таймда Мақсат Байжанов та мергендігімен танылды.

Осылайша сырт алаңда жеңілсек те келесі кезеңге өтуге мүмкіндігімізді сақтап қалдық. Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы ойында «Шахтер» 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Скендербеу» (Корча, Албания) - «Шахтер» 3:2 (3:1)

Гол: Томич 9 (1:0), Шкемби пенальти 20 (2:0), Шкемби пенальти 29 (3:0), Хижниченко 38 (3:1), Байжанов 67 (3:2)

Ескертулер: Томич 59 - Василевич 20, Малый 29, Джидич 45

Алаңнан қуылды: Пеич 54

«Скендербеу»: Шехи, Арапи, Адемир (Фагу 85), Радаш, Гвозденович, Орелеси, Томич (Абази 61), Лиляй, Морина (Еюпи 64), Шкемби, Пеич

«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев (Тарасов 61), Джидич, Малый (Байжанов 46), Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко, Хижниченко (Зенькович 72)

Төреші: Иван Кружляк (Словакия)

Тирана. «Кемал Штафа».

алғашқы ойын: 0:3.