ШҰҒЫЛ: «Шахтердің» Чемпиондар лигасының плей-офф сынындағы қарсыласы - шотландиялық «Селтик»

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф сынында шотландиялық «Селтикпен» кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz.

Алғашқы ойын Астанада 20 немесе 21 тамыз күні, қарымта ойын Шотландияда 27-28 тамызда өтеді.

«Се́лтик» - шотландиялық Глазго қаласының футбол клубы. Шотландия Премьер-Лигасында өнер көрсетеді.

Команданың стадионы - «Селтик Парк», сыйымдылығы - 60 832 адам.