Бұл туралы Бас әскери прокуратурадан мәлім етті.
Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылғы 31 қаңтарда сағат 19.55 шамасында Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясының ғимаратында өзінің қызметтік кабинетінде генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің оқ жарақаты бар өлі денесі табылды.
Оқиға болған жерге Бас әскери прокурордың орынбасары Б.Қ. Мырзакеров және тергеу-жедел анықтау тобы барды.
2013 жылғы 1 ақпанда осы оқиға бойынша Алматы гарнизонының әскери прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі тергеу Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорына тапсырылды.