ШҰҒЫЛ: Шымкентте екі адамды өлтірген күдікті ұсталды
19:53, 19 Қазан 2012
ШЫМКЕНТ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол 45 жастағы әйел мен 41 жастағы ер адамды өлтірді деп айыпталуда.
Полиция қызметкерлері қасқөйдің ізіне бірінші кісі өлтіру оқиғасынан кейін түсті. Қаланың шет аймағында пышақ жарақатымен ер адамның мәйіті табылды. Осы іске қатысты күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, жасаған тағы бір қылмысын - әйелді өлтіргені жайлы айтты. Оның түсініктемесі бойынша із-түзсіз жоғалған шымкенттік әйелдің мәйіті табылды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу мекемесіне орналыстырылды. Оның айтуынша, ол сол күні мас болған, таныс әйелді арада шыққан жанжалдан кейін өлтірген. Ал ер адам оның әпкесімен бірге тұрған, ол туындаған келіспеушіліктің салдарынан марқұмды жазым еткен. Ер адам жасаған қылмысынан кейін өзінің әпкесімен бірге Түркістанда, кейін Жамбыл облысында бой тасалап жүрген.