ШҰҒЫЛ: СҚО-да барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысы жабылды

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты 04.01.2013ж. 00.50-ден бастап дизельдік және жолаушылар автокөліктері үшін барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің нашарлауы) 31.12.2013 ж. сағат 15.50-ден бері «Жақсы-Державинск» (0-34 км) және «Қима-Терісаққан» (0-49 км) бағыттары бойынша барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.