ШҰҒЫЛ: СҚО-ның 4 ауданының әкімі босатылды, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды
Кеңесте Президент, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, аймақтардың бәсекеге қабілеттілігіне, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті.
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің және басшылардың қызметіндегі көрсеткіштерге баса назар аударды, оның бастысы - халықтың нақты жұмыспен қамтылуы болуы тиіс. Бұл көрсеткіш әкімдердің рейтингісіне енгізіледі.
Кеңес барысында Елбасы әлеуметтік даму, азамат тардың әл-ауқатын арттыру, жастарды қолдау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді, делінген Ақордла сайтында.
Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер ауқымында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов облыстың мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен және аудандар әкімдерімен кеңес өткізді, оның барысында аймақта мемлекеттік бағдардламаларды жүзеге асыру барысының өзекті мәселелері қаралды және негізгі бағыттар бойынша рейтингілік бағалау қорытындылары шығарылды.
Лауазымдлық міндеттерін тиісінше атқармаған облыс әкімінің орынбасары А.Чженге сөгіс жарияланды. Қызылжар, Шал ақын, Айыртау және Жамбыл аудандарының әкімдері, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары М.Гаджиев қызметтерінен босатылды. Бірқатар аудандар әкімдеріне және мекемелердің басшыларына ескерту жасалды.
Өткізілген кеңестің қорытындысымен облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындауға, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және бюджет қаражаттарын игеруге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.