ШҰҒЫЛ: Сот Ж.Досқалиевке қатысты мүлкін тәркілеп, қатаң режімдегі колонияға 7 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Сот бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты мүлкін тәркілеп, қатаң режімдегі колонияға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Еске сала кетсек, Ж.Досқалиевке қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қыркүйегінде қозғалды. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деген айыптар тағылды. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін жалған инсульт жасады деген де күдік келтірілді.