Нұртас Нұрдәулетұлы «Мерекелік» бағбандық алқабында жоғалып кетті. Сәбидің үйінен 20 метр жерде Балықты өзені ағып жатыр. Баланың іздеріне қарағанда, ол өзенге қарай бет алған секілді.
«Құтқарушылар саяжай аумағын қарап шықты, Балықты өзенін тексеріп, іздестіру жұмыстарын Балықты құятын Қаратал өзенінде жалғастырды»,- деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мират Қабылов.
Қазіргі уақытта құтқарушылар Үштөбе стансасына жетті. Әзірге нәтиже жоқ.