ШҰҒЫЛ: Тәжікстан - Хорог қаласындағы қақтығыстар барысында 200-ден астам адам қаза болды

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Тәжікстанның Хорог қаласында генерал Аблулло Назаровтың өліміне қатысы бар қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция өтіп жатқан жерден үкімет әскерінің ауыр жараланған сарбаздарын Душанбенің әскери

ауруханасына жеткізу жалғастырылуда. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады. 

Бастапқыда қаза болған 9 және жараланған бірнеше адам туралы хабарланған болатын. Алайда қазір 100 әскери қызметкердің қаза болғаны жайлы ақпарат келіп түсуде, сондай-ақ кем дегенде 100 бейбіт тұрғын өлтірілген. Таулы Бадахшанда осы уақытқа дейін байланыстың барлық түрлері тоқтап тұр. 

Би-Би-Сидің Орыс қызметі спутниктік телефон арқылы хабарласқан куәгерлердің мәлімдеулерінше, қала тұрғындарында үрей туа бастаған, мемлекеттік мекемелер мен орталық базарлар және дүкендер жұмыс істемей тұр.

Мәскеуде Тәжікстанның елшілігі алдында Таулы-Бадахшан автономды облысының тумалары - этникалық памирлердің рұқсат етілмеген митингі өтуде. Жиналғандар шұғыларада жауынгерлік әрекеттерді тоқтатуды және Таулы Бадахшаннан әскерді шығаруды талап етуде. Наразылық акцияға қатысушылар таратқан хабарламаға қарағанда, елшілікке ОМОН әскерлерімен бірге көлік келді, олар ереуілдеушілерді таратуға тырысып жатыр. Мәскеуде тұратын Таулы Бадахшанның тумалары сәрсенбі күні тағы да кең ауқымды наразылық акциясын өткізуге рұқсат алмақ ниетте.

Хорогтан келіп түскен ақпарат бойынша, арнайы операцияның барысында Памирдің саяси емес көшбасшысы және бұрынғы дала командирі Едгор Шомусаламов және оның ұлы Толибек Айёмбеков өлтірілді. Айта кетейік, билік өкілдері оларды ресми түрде арнайы қызметтің генералы Абдулло Назаровтың өліміне кінәлі деп таныды.

Ресми мәліметтер бойынша, арнайы қызметтің генералы Абдулло Назаровтың өліміне тәжістандық оппозицияның бұрынғы далакомандирі Толибек Аёмбеков және «Ишкашим» шекара жасағы командирінің басшылығымен заңсыз қаруланған топ айыпталып отыр. Хабарланғандай, ол өз еркімен беріліп және қарулы күш қолданудан бас тартқан.Ол сондай-ақ есірткі және құнды зергерлік бұйымдар контрабандасына айыпталуда, ал оның қарулы тобы қарақшылыққа айыпталып отыр.  

Душанбе- Хорог көлік жолы жабылды. 

Таулы Бадахшан -  елдің кедей аудардардың бірі, онда жұмыссыздық пен жаппай көшіп-қону көрсеткіштері өте жоғары.