ШҰҒЫЛ: «Терісайрық» шекара бекетінде 11 әскери қызметшіні соққыға жыққандар сотталды

None
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - «Терісайрық» шекара бекетінде әскери қызметшілерді соққыға жыққандар сотталды. деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

2012 жылдың 18 қазанында Семей гарнизонының әскери соты «Терісайрық» шекара бекетінің бастығы аға лейтенант А.Б. Хамитовқа, аға техник келісім-шарт бойынша аға сержант Ж.О. Қаженовқа және осы шекара бекетінің дабыл және байланыс бөлімшесінің командирі келісім-шарт бойынша кіші сержант Е.У. Тұрдығұловқа қатысты үкім шығарылды.

Тергеу органы оларға мерзімді қызметтегі 11 әскери қызметшіге зорлық-зомбылық жасады деген айып таққан. Зорлық-зомбылық жасау нәтижесінде әскери қызметшілер шекара бекетін тастап кеткен, ал мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету бойынша тапсырманың орындалмауына әкеп соқтырған сотталушылардың қылмыстық істері мемлекет қауіпсіздігіне айтарлықтай нұқсан келтірді.

Әскери сот сотталушыларға тағылған айыптарды құптап, оларға мынадай жазаларды тағайындады:

Хамитовқа - 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырып жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу;

Тұрдығұловқа - 7 (жеті) жылға бас бостандығынан айырып жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу;

Қаженовқа - 7 (жеті) жылға бас бостандығынан айырып жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу.