Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Ережелерді бірнеше мәрте бұзғаны үшін 101 оқушы сынақ тапсырудан шеттетілді.
Ең жоғары балды түлектердің үшеуі ғана жинай алды, олар - Астана қаласынан Әсел Қасықова, Алматыдан Кирилл Ким және Алматы облысынан Әсем Айдарова.
ҰБТ-ның 7 күнінің нәтижесі бойынша 100-ден астам балға 10 511 түлек немесе барлық тапсырушылардың 9,1 пайызы қол жеткізді.
Еске салайық, Қазақстанда ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Түлектерден емтиханды қабылдау үшін арнайы 154 пункт жабдықталды. 107 пункт аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында орналасты, ал қалған 47-сі облыс орталықтары мен Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталды.