ШҰҒЫЛ: ҰБТ 8 күнінің нәтижесі: Ережелерді бірнеше мәрте бұзған 101 түлек емтихан тапсыру құқығынан айырылды

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Ұлтттық бірыңғай тестілеудің 8 күнінің нәтижесі бойынша, сынаққа өтінім берген 120 178 түлектің 116 550-і қатысты.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ережелерді бірнеше мәрте бұзған 101 түлек емтихан тапсырудан шеттетілді.

Ең жоғары - 125 балды үш оқушы ғана жинай алды, олар - Астанадан Әсел Қасықова, Алматыдан Кирилл Ким және Алматы облысынан Әсем Айдарова.

ҰБТ-ның 8 күнінің нәтижесі бойынша, 100-ден астам балды 10 662 түлек немесе барлық тапсырушылардың 9,2 пайызы жинады.