ШҰҒЫЛ: В. Челах өз қызметтестерін өлтіргендігін толығымен мойындап отыр - Бас әскери прокурор

АСТАНА.  13 маусым. ҚазАқпарат -  В. Челах өз қызметтестерін өлтіргендігін толығымен мойындап отыр.  Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов мәлім етті.

Қазіргі уақытта көпшілікті, оның ішінде тергеушілерді де В. Челахтың жалғыз өзі 15 адамды өлтіруі мүмкін бе, деген сауалдың мазалайтындығын атап өткен Бас әскери прокурордың сөзіне қарағанда, ол адвокаттың қатысуымен өткен алғашқы тергеуде өзінің 14 шекарашы мен куә ретінде аңшы шаруашылығының қорықшысы Кимді өлтіргендігін мойындаған.

«Ол өзінің жауаптарында қылмысты жасағандығын мойындады. В. Челах оқиға орнында жауаптарын қайта тексеру барысында қылмысты жасауға көмектескендердің және бірге жасасқандардың болғандығын түбегейлі жоққа шығарып отыр», - деді Е. Мерзадинов.