Бұған дейін ол ресейлік премьер Дмитрий Медведевпен келісілген болатын. Кэмп-Дэвидте өткен G8 саммитінде Үкімет басшысы министрлер кабинетінің тізімі оның түбегейлі жаңартылуы себебімен ұзаққа созылғанын атап өтті.
«Мен әрбір кандидатпен кездестім, барлық Жарлықтарға қол қойдым. Сіздерге табыс тілегім келеді. Қазір жаңа құрамды жинап, тағайындаулар туралы жариялаймыз», - деп мәлімдеді В.Путин бүгін Д.Медведевпен Кремльде кездесуі кезінде.
Үкіметтегі қызметтерін Р.Нұрғалиев, И.Сечин, Т.Голикова, А.Фурсенко, В.Зубков, тағы басқалары босатты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы министрліктің бұрынғы статс-хатшысы Владимир Пучков болды, деп мәлімдеді РФ Президенті, Үкіметтің жаңа құрамын таныстыра отырып. Бұған дейін В.Пучков бұрынғы министр Мәскеу облысының губернаторы болып тағайындалғаннан кейін министрдің міндеттерін атқарып жүрді.
РФ Ішкі істер министрі болып Рашид Нұрғалиевтің орнына РФ ІІМ-нің астаналық басқарманың бастығы Владимир Колокольцев тағайындалды.
Қорғаныс министрлігінің басшысы Анатолий Сердюков пен Әділет министрлігінің басшысы Александр Коновалов, сондай-ақ СІМ-нің басшысы Сергей Лавров, Спорт министрі Виталий Мутко, Өнеркәсіп министрі Денис Мантуров жаңа Үкіметтегі қызметтерін сақтап қалды.