13 адам қаза болды, 50 адам зардап шекті. 27 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин мәлім етті. Зардап шеккендер арасында полицейлер де бар.
Ұлттық антитеррористік комитеттің хабарлауынша, жарылысты жанкешті-лаңкес әйел жасаған. Жарылыс фактісі бойынша «Террорлық акт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жарылыстың себептері анықталуда.
17:18, 29 Желтоқсан 2013
ШҰҒЫЛ: Волгоград қаласының теміржол вокзалында жарылыс болып, 13 адам қаза болды - ВИДЕО
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Волгоград қаласының теміржол вокзалында жарылыс болды. Бұл туралы Волгоград облысы бойынша ТЖМ ММ-не сілтеме жасап РБК хабарлады. «29.12.2013ж. сағат 12.43-те оқиға куәгерінен Волгоград қаласының теміржол вокзалында жарылыс болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті», - деді ведомствода.