ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысында әскери қызметкер өз пәтерінде асылып өлген күйінде табылды

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында әскери қызметкер өз пәтерінде асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлады Қазақстан Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«2013 жылдың 18 наурызында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қала үлгісіндегі кенттегі 13 үй, 7 пәтерде шалбарының белбеуіне асылған күйде 21520 әскери бөлімінің қызметкері, аға лейтенант, 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты Төрткөл ауылының тумасы болып табылатын Н.Р Стамбек табылды», - делінеді баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Қаза тапқан азаматтың зайыбы К.Өтеева көп ұзамай 63302 әскери бөлімінен жедел жәрдем қызметін шақыртты. Алайда өткізілген оңалту шаралары оң нәтижесін бермеді. Әскери қызметкердің өлімі 2013 жылдың 18 наурызында, сағат 11:55-те тіркелді, деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Аталған фактімен Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының Гвардиялық бөлімі тергеу алдындағы тексерісті өткізуде.