ШҰҒЫЛ: Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандардың отбасыларына 1 млн.теңгеден төленетін болады - Ө.Шөкеев

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңаөзенде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 млн. теңгеден қаржы бөлінеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан селекторлық кеңес арқылы байланысқан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Жаңаөзенде қаза болғандардың отбасыларына 1 млн. теңгеден, ал жарақат алғандарға 500 мың теңгеден қаржы бөлінетінін жарияладық. Бұл мәселе тұрғысында мәслихат тиісті шешім шығаратын болады», - деді Ө. Шөкеев.