Ол 100 млн.-нан астам теңге сеніп тапсырылған біреудің қаражатын жұмсады және қызметтік бабын асыра пайдаланды деп айыпталуда.
Атап айтқанда, О. Сарбөпеевке Жаңаөзендегі мұнайгаз саласындағы қызметкерлерге және халықтың әлеуметтік-экономикалық қолдауына бөлінетін қаражатты жымқырды деп айып тағылып отыр.
2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзенде және 17 желтоқсанда Маңғыстау облысының Шетпе стансасында жаппай тәртіпсіздік орын алды, соның салдарынан Жаңаөзенде 64 адам оқпен жарақаттанып, 14-уі көз жұмды. Шетпе стансасында орын алған оқиғаның барысында 11 адам жарақаттанып, 1-уі мерт болды. Сондай-ақ 40 полиция қызметкерлері дене жарақатын алды.