Брент маркалы мұнай бағасының маусымдағы 104,09 АҚШ долларынан қыркүйекте 114,8 АҚШ долларына дейін өзгеруіне байланысты, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылымының шекті бағалары, ҚҚС қоса есептегенде ү.ж. 3 қазанында төмендегідей болды:
- Дизель отыны - 1 литрі үшін 94 теңге;
- Аи - 80 - 1 литрі үшін 89 теңге;
- Аи - 92 - 1 литрі үшін 110 теңге.
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылымына шекті бағаларды белгілеу туралы» 2012 жылғы 2 қазандағы №249-НҚ Агенттіктің бұйрығы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ және экономикалық даму және сауда министрліктерімен келісілді.
Бұйрықтың толық мәтіні Агенттіктің www.arem.kz сайтында «Заңнама» бөлімінде орналастырылды.