Шумахерді емдеуге кететін шығын аптасына шамамен 100 мың фунт стерлингті құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Формула-1' дәрежесіндегі автожарыстың 7 дүркін әлем чемпионы Михаэль Шумахердің емделуіне аптасына шамамен 100 мың фунт стерлинг жұмсалады.

Бұл туралы британиялық БАҚ хабарлады.

Шумахер Лозанне клиникасынан 9 қыркүйекте шыққан болатын. Қазіргі таңда ол Женева көлінің жағалауындағы өз вилласында емделу үрдісін жалғастыруда. 15 медицина қызметкері тәулік бойы спортшыға қызмет көрсетеді.