Шүменов Boxingscene.com рейтингінің ТОП-10-ғына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingscene.com сайты дивизиондар бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Желтоқсанның аяғында аргентиналық Виктор Рамирес (22-3, 17 КО) спортттық жолын аяқтағандығын жариялап, рейтингтегі бірінші ауыр салмақтағы 10-шы орынды  қазақстандық Бейбіт Шүменовке(17-2, 11 КО)  босатты.

Шүменов кезекті айқасын 11 ақпанда Майамиде өткізеді деп күтіліп отыр. Оның қарсыласы -кубалық Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).