Шүменов - Дортикос жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 сәуірде бірінші ауыр салмақтағы WBA «тұрақты» әлем чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен осы санаттағы WBA «уақытша» титулының иегері кубалық Юниер Дортикостың жекпе-жегі өтетін алаң айқындалды, деп хабарлады Sports.kz.

Жағдайды білетін дерекккөзге сілтеме жасап,  Boxingscene.com   хабарлағандай, Palms айқас Лас-Вегаста Palms ойынханасында өтеді. Сондай-ақ Лас-Вегаста тұратын Шүменовтің Майамидегі Дортикосқа қарағанда, артықшылығы болатыны атап өтіледі.

Palms Casino Resort - қонақүйі, ойынханасы, 2500 мың көрермен сыятын концерт залы бар ойын-сауық кешені.