АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazsport» телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жек кеші 30 сәуір күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласының "Palms Casino Resort" ойын-сауық орталығында өтеді.
Аталған кездесуде WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы үшін бұл 20-шы кездесу болмақ. Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жекпе-жегін өткізеді.
Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.