Шүменов: Көп сөз рингке көтерілгеннен кейін көмектеспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов алдағы қарсыласы кубалық Юниер Дортикос туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында «Уақыт жақындап келеді. Қарсыластарымның көп сөзі рингке көтерілгеннен кейін көмектеспейді», - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Шүменов - Дортикос айқасы 29 сәуірде Лас-Вегаста өтеді. Бұдан бұрын жекпе-жек ақпанға белгіленген еді. Бірақ промоутерлік Caribe Promotions компаниясы өзінің кездесуді ұйымдастыру құқығынан айырылып, айқас белгісіз уақытқа шегерілген болатын.