Басылымның ақпаратына қарағанда, Шүменов - Дортикос айқасы 29 сәуірде Лас-Вегаста өтеді.
Бұдан бұрын жекпе-жек ақпанға белгіленген еді, бірақ промоутерлік Caribe Promotions компаниясы өзінің кездесуді ұйымдастыру құқығынан айырылып, айқас белгісіз уақытқа шегерілген болатын.
Еске сала кетсек, Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы, ал Дортикос - уақытша.