Қазақ боксшысы айтулы айқастың андеркартында Әзербайжаннның өкілі болғанымен, Ресейдің атынан шыққан Анар Абдуллаевпен қолғап түйістірді. Айқастың андеркартында қазақ бокшылары қарсыластарын бірінен кейін бірін құлатып, көрермендердің мерейін асырған болатын. Бисенқұлов болса алғашқы раундты сабырмен бастады. Ауыр соққы жасауға асықпаса да, жасаған соққыларын анық тигізуге ден қойған еді. Төрт раундық айқаста ресейлік қорғанысқа барынша ден қойып баққан еді. Осы қалыпта алғашқы раунда та сырғып өткен.
Екінші раундта «нокауттар дәстүрі» жалғасын тапты. Бисенқұлов сол жақ бүйірден сәтті соққы өткізіп, осыдан кейін тізерлеп қалған ресейлік үшін төреші есеп ашқан еді. Орнынан көтерілгенімен, ресейліктің бүйірін Бисенқұловтың тағы бір ауыр соққысы жаншып өтті. Бұл соққы осы айқастың соңғысына айналды. Қазақстандық боксшылардың қатарынан төртінші айқасы осымен аяқталып та қалған еді.
Қазақстандық боксшы Уәлиханов өз өмірінде кәсіпқой бокста өткізген 6-шы айқастың 6-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Шүменов - Алтынкай айқасының андеркартында әнші Ибрагим Ескендір, Еділ Қожамбердиев пен Мейіржан Рахымжанов қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын.