Шварценеггер губернаторлық қызмет оған 200 миллион долларға түскенін мәлім етті

None
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер австриялық Krone газетіне берген сұхбатында,

штат тұрғындарының игілігі үшін атқарған жұмысы оған 200 миллион долларға түскенін мәлім етті.

Оның айтуынша, егер ол губернатор болған жылдары голливудтық кинофильмдерге түскенде, дәл осынша табыс тапқандай екен.

«Бірақ ешнәрсеге өкінбеймін», - дейді Шварценеггер мырза.

Экс-губернатор сондай-ақ, осы жұмыстың салдарынан отбасына да аз уақыт бөлуге мәжбүр болғанын айтқан. Дегенмен, калифорниялықтардың көпшілігі Шварценеггердің жұмысына көңілдері толмай отыр: ол штатты банкроттық жағдайдың алдында қалдырды, дейді олар.