Утро.ру хабарлағандай, Арнольд Шварценеггер «Терминатордан» басқа, «Егіздер» комедиясының жалғасына түспек ниетте. Фильмнің алғашқы бөлімі 1988 жылы экранға шыққан, онда Шварценеггер мен Денни де Вито ағайындыларды ойнайды.
Арнольд Шварценеггер саяси мансабына байланысты он жылдық үзілістен кейін киноға қайта оралды. 2003 жылы ол Калифорния штатының губернаторы болып сайланған болатын.